Әріптесіміз басшылық қызметке тағайындалды

1293

1

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің уақытша директоры қызметіне Әлжанов Тәжімұрат Жомартұлы тағайындалды.

Тәжімұрат Әлжанов 1987 жылы 23 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005-2009 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша оқып, бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдан бастап «Халық» газетінде тілшісі, 2009 жылы жауапты хатшы;

2012 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор;

2015 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінде инспектор;

2016 жылдан бастап «Qyzylorda» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі бөлімінде редактор, 2019 жылдан бастап «Арнаулы тілші» қызметін осы күнге дейін абыроймен атқарып келген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<