Аймақ басшысы Сырдарияның су деңгейін бақылады

320

0

Фото: ашық дереккөз

Жексенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзеніндегі су деңгейін тікұшақтан бақылап, дайындық жұмыстарымен танысты.
Мамандардың айтуынша, қазір Шиелі ауданы, Қарғалы елді мекенінен 7 шақырым төмен «Таштоп» учаскесіне дейінгі Сырдария өзенінің иіндерінде мұз ұстасқан. «Төменарық» су бекетінде күр (шуга) жүруде.
Еске салсақ, облыс аумағында 29 ықтимал су басу аймағы анықталған. Бұл аймақтарға қала және аудан әкімдіктері 364 арнайы техника және 1 102 адам күші бар 116 жауапты мекемені бекітті. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 1 тікұшақ дайындыққа келтірілген.
Биылға мұз жаруға және қап алуға облыс бюджетінен 14,8 млн. теңге бөлінді. Қала және аудан әкімдіктерінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, су тасқынына қарсы пайдаланылатын материалдық-техникалық қорда 117,9 тонна жанар-жағармай және 139 902 дана қап сақтаулы. Сондай-ақ, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын және 2 381 дана қарабура мен т.б. қажетті материалдар қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайын.
Аймақ басшысы өзендегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, тиісті дайындық жұмыстарын уақытылы қолға алуды тапсырды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<