Акция онлайн форматта өтеді

852

0

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай «Жаужүрек полк» акциясы онлайн форматта «Батырларға тағзым» атауымен өткізіледі.

Акция Тengrinews сайтындағы «Жеңімпаздар/Победители» онлайн платформасында ұйымдастырылады. Шараға қатысушылар whatsApp 87009051945 нөміріне майданда қаза болған аталары туралы мәліметті (аты-жөні, туған күні мен жылы, әскерге шақырылған жері, атақ-шені, фотосуреттері және тағы басқа) жібере алады. https://tengrinews.kz/pobediteli/ сайтына кіру арқылы сауалнама толтырып, соғыста қаза болған батырлар мен ардагерлер туралы ақпаратпен танысады.

 Tengrinews ақпараттық порталында «Батырларға тағзым» атауымен арнайы платформа әзірленген. Платформаға әр қазақстандық соғысқа қатысқан аталарының, жақындарының ақпараттарын суреттерімен орналастыра алады. 9 мамыр күні аталған платформада «Батырларға тағзым» онлайн шеруі өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<