Алдағы үш күн ауа райы суытып, 32 градусқа дейін аяз болады

640

0


«Қазгидромет» мамандары 28-30 желтоқсан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы күндері Солтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді. Салдарынан қар жауып, боран соғып, жел күшейеді.

Бұдан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана құбылмалы ауа райы сақталады.

Термометр бағаны түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<