Алғыс айту – асыл қасиет

152

0

Фото автордан

Алғыс айту күні-өткен бабаларға, терең тарихымызға құрмет көрсетіп, келешек ұрпақты достық пен бейбітшілікке үндейтін күн. «Алғыс» ұғымы ерекше түсінік. Сондықтан да атқарған ісіне адалдық амалына қарай Алғыс айтудың орны ерекше. Сұрқия саясаттың құрбаны болып, өзге елге көшіп келген атам Вараев Алха мен енем Заирова Кабира киелі Қармақшыға келіп ауыр тіршілікке қажымай өсіп, өнді. Дегенмен «бізді ажал аузынан арашалаған қазақтың мейірімге толы мінезі» деп үнемі алғыс айтудан шаршамаған атам мен енемді ерекше еске алып Алғыс айтамын.

Өмірдің тауқыметін ерте көрген енем Клара Кадыровна атамнан ерте айырылып,балаларына жалғыз өзі тіреуіш болды.

Баршаға көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырған да енем.

Адам жанына шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен науқастың көңілін көтеріп,өмірге деген құлшынысын арттырған.

Әлі күнге дейін ақ халатты періштедей көз алдыма.

2022 жылы Мәскеу қаласына барып құран бағыштадым.

Себебі, менің өмірде енемнің орны ерекше. Ел үшін еңбек етіп, халықтың алғысы мен сауабын арқалаған Клара Кадыровнат (енем) маған ақылшы, тілекші болды. Ата-енемнің белі қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай мейірім төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұлдарым Шамиль мен Дінмұхаммед бүгінгі күні өркен жайып, өсіп-өніп қара орманға айналды. Біздің бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің бәрі бірлік пен ынтымақ нәтижесі деп білемін.

Осы орайда 1 наурыз «Алғыс айту»күні мерекесі құтты болсын! Көктемнің ең алғашқы күнінде сіздерге амандық пен саулық, көктемнің жайма шуақ күніндей жандүниелеріңіз жадырай түссін!

Гүлзира ЕРКЕБАЕВА,

Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы

№105 мектеп-лицейінің директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<