Алматы облысы «қызыл» аймаққа өтті

546

0

ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетейік, кеше Алматы мен Қызылорда облыстары «сары» аймақта тұрған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<