Алтын Емел мен Барсакелмес қорығы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енді

195

0

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеті Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасында өтіп жатқан өзінің кеңейтілген 45-сессиясында Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтарын Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде біз Орталық Азия шөлдері ЮНЕСКО-ның аса күрделі климаттық жағдайларда жер үсті экожүйелері дамуының және қарқынды экологиялық және биологиялық үдерістер шеңберінде өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету және бейімделу стратегиялары эволюциясының көрнекті үлгісі ретінде жаһандық мойындау тауып жатқанына қуанып отырмыз. Біз Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшелеріне және Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақ сарапшыларына осы көпұлттық номинацияны дайындауға атсалысқандардың күш-жігерін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтамыз. Алтын Емел мен Барсакелместің жаңа халықаралық мәртебесі Қазақстанның шөлді экожүйелерін терең ғылыми зерттелуінің және қорғау жөніндегі тиімді шараларды жалғастырудың, сондай-ақ еліміздің орнықты және жауапты туризмді дамытудағы әлеуетін нығайтудың маңызына қосымша назар аудартады деп сенеміз», – делінген Комитет сессиясындағы Қазақстан Республикасы делегациясының мәлімдесінде.

Сарапшылардың пікірінше, осы уақытқа дейін суық қысқы шөлдер дүниежүзілік табиғи мұра тізімінде жоқ жалғыз ірі биом болды. Бұған дейін Алтын Емел мен Барсакелмес ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары мәртебесіне ие болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<