АҚПАРАТТЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

290

0

Бүгін Жалағаш ауданындағы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында облыстық ақпараттық топ мүшелері аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Боранбаев, ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі С.Алдашбаев дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды баяндап, жат ағымның қоғамға қауіптілігін көпшілікке түсіндірді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Жалағаш аудандық филиалында облыстық ішкі саясат басқармасының Діни ахуалға талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Алтынбеков жеке тұлғалармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Сонымен қатар, деструктивтік діни ағымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық түсіндірме топ мүшелері аудан жастарымен, «Иманқұл» мешітінде жамағатпен де кездесті.

Кездесуден соң, аудан орталығындағы «Әділет» және «Ырыс» базарларына барып, тұрғындарға тақырыптық арнайы бүктемелер таратты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<