Апта ағымында

468

0

МӘЖІЛІСТЕГІ ПАРТИЯ ФРАКЦИЯСЫ МҮШЕСІ
ӨҢІРДЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Әбенов Мұрат Абдуламитұлы өңірге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында болды.
Мәжілісімен сапар барысында фракция мүшелерімен және сайлаушылармен кездесіп, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген әлеуметтік нысандардың жұмысына бақылау жасап, мұнан бөлек қоғамдық қабылдау өткізді. Партия филиалдарының конференцияларына қатысты.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ
ОРЫНДАЛЫСЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов Шиелі, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласында іс-сапарда болып, партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасына енгізілген нысандардың жай-күйімен танысты. Мониторинг барысында филиал төрағасы анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мердігер мекеме басшыларына ескертулер айтып, жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын тапсырды.

«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Жыл сайынғы дәстүр бойынша «AMANAT» партиясының бастамасымен елімізде жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке дайындайық!» атты республикалық акциясы басталды. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қолдау ретінде ұйымдастырылып отырған игі шараға сырбойылық аманаттықтар да белсенді үлес қосуда.
Биыл «AMANAT» партиясы республика көлемінде 45 мыңнан астам балаға көмек көрсетуді жоспарлап отырса, облыстық филиал өңірдегі 1000 балаға партияластар мен жақтастарымыздың қолдауымен мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе заттары салынған сөмкелерді сыйға тартуды жоспарлап отыр. Акция басталған төрт күн ішінде аумақтық филиалдар, бастауыш партия ұйымдары, фракция мүшелері мен партия белсенділері тарапынан 700-ге жуық оқушы мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

АУМАҚТАРДА ЕСЕПТІК-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯЛАРЫ ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 16 тамызынан бастап «AMANAT» партиясы облыстық филиалына қарасты Қызылорда қалалық және Арал, Қазалы, Қармақшы, Байқоңыр, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған филиалдарында есеп беру-сайлау конференциялары өтті.
Конференцияларда партия филиалдарымен 2021-2022 жылдарда атқарылған жұмыстар нәтижесі сараланып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар күн тәртібіне сәйкес аумақтық партия филиалдарының Саяси Кеңестері құрамына өзгерістер енгізіліп, облыстық партия филиалының кезекті конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.
Аумақтарда өткен конференция жұмыстарына Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі М. Әбенов, партияның обылстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов және облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері қатысты.

МОБИЛЬДІ ТОП ӨКІЛДЕРІ ҚАРМАҚШЫЛЫҚТАРДЫҢ
ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мобильді көшпелі қабылдау тобы Қармақшы ауданының Қызылтам ауылында болып, жергілікті халықпен дидарласып, елдегі ахуалмен танысты.
Шалғай ауылда ұйымдастырылған көшпелі қабылдауға 30-ға жуық ауыл тұрғыны келіп, аманаттықтарға талап-тілектерін білдірді.
Олар елді мекенінің кіре беріс жолдарына асфальт төсеу, электр жарығы жиі істен шығуы, тұрақты жұмыспен қамту және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы бойынша мәселелер көтерді.
Мобильді топ өкілдері тарапынан ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға сай екенін тексеріп, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтау мақсатында «Жастар рухы» ЖҚ жанынан құрылған арнайы мобильді топ «Болашақ» университеті, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, «Болашақ» жоғары және медициналық колледжі жатақханарына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, оқу орындарының басшыларына бірқатар ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, жатақханаға мониторинг жұмыстарының қорытындысы ағымдағы жылдық қыркүйек айында өтетін Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің күн тәртібінде қаралатын болады.

ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары О.Исмалаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сыздықов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұнан бөлек партия алаңында әлеуметтік мәселелер бойынша тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Жаңабаев, еңбек мобильділігі орталығының директоры Ш.Алмашова жүргізіп, тұрғындарға қолданыстағы заң нормаларына сәйкес кеңес беріліп, әлеуметтік мәселе бойынша тиісті көмектер көрсетілетінін айтты.


Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, конференциялар, «Мектепке жол» акциясы, партиялық жобалар мен партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы қоғамдық-саяси 71 іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<