Апта ағымында

449

0

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ ПАРТИЯ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Мәжілісінде партия фракциясының жиналысын өткізді. Отырыста еліміздегі отбасы, ана мен бала құқығын қорғаудың қазіргі жағдайы талқыланды. Сондай-ақ фракция жұртшылықпен бірлесіп әзірлеген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заң жобасы таныстырылды.

Аталған жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов және фракция мүшелері мен тиісті кеңес төрағалары бейнебайланыс арқылы қатысты.

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР «TALQYLAU» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының «TALQILAU» диалог алаңында Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланып, пікірлер ортаға салынды.

Ашық пікірталас алаңына партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы С.Биқожа, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалының «Қызылордасушар» өндірістік учаскесінің басшысы Ж.Нұрымбетов және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің экономика және құқық институты директоры Н.Құлмырзаев спикер ретінде қатысып, экономикалық даму мен саяси реформалар жайлы маңызды әңгімелерді ортаға салды.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жұмыс аптасында«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облыстық филиалында «AMANAT» партиясы жанындағы республикалық Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Бақытбекұлы және тиісті сала басшылары бейнеконференция арқылы қатысты.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіне сәйкес Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары – партия мүшелерінің халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс туралы қаралып, бүгінгі күнгі өзекті мәселелер жан жақты талқыланды.

«AMANAT» :РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аптада облыстағы радиоактивті қалдықтардың экологияға әсері жайлы «AMANAT» партиясы жанындағы аймақтық Экологиялық кеңес отырысында қаралып, талқыланды.

Жиынға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, аймақтық кеңес төрағасы Ж.Нұрымбетов, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жедел уәкілі Е.Мырзакәрім және уран өндіруші мекемелер басшылары, кеңес мүшелері мен эколог сала мамандары қатысты.

Алдымен Кеңес төрағасы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер жайын атап айтты.

Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес өңірімізде уран өндіруші «Байкен-U», «РУ-6», «Қызылқұм», «Семизбай U» мекеме басшыларының азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарып жатқан жұмыстары есебін тыңдап, жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстарын ортаға салды. Кеңес отырысына ұсынылған мәселелер толық қаралып, ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫС ӨТТІ

«AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңес отырысы өтті. Кеңес жиынына партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Мұнан соң Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің бірлескен отырысы өтіп, онда ел Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асырудың мақсат-міндеттері талқыланды.

ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРАЛАР

«AMANAT» партиясы жаныдағы «Жастар рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVІІ конференциясы өтіп, онда «Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметіне Баймұрза Әсетхан Қазиханұлы сайланды.

⠀Бейнеконференция жұмысына «AMANAT»партиясы облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов , «Жастар рухы» Жастар қанатының Төрағасы Н.Жетпісбаев, облыстық кеңес мүшелері және аумақтық бөлімше жетекшілері қатысты.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері А.Рахметов,  Е.Искендер және  облыс бойынша экология департаменті басшысының м.а В.Мұстаяпова партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға келген азаматтарға заңнамалар аясында кеңестер беріліп, кейбір тұрғындардың тұрмыс ахуалына байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сондай-ақ «Құқықтық көмек» жобасы аясында облыстық филиалдың заңгері С.Алшынбеков тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті.

Жалпы апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар, партиялық бақылау, және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 64  іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<