Апта ағымында

613

0

Фракция отырысы өтті

Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов, партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова қатысты.

Жиында депутаттық фракцияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасы жобасы талқыланды. Сондай-ақ, сайлау науқаны кезеңінде азаматтардан түскен ұсыныстар мен тілектердің орындалуына жауаптылар бөлініп,  мәслихат депутатының өкілеттігі және оның жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлі қаралды.

Мониторинг жұмыстары жасалды

Партияның облыстық филиалы алаңында  «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы  тақырыптық қабылдау ұйымдастырылды. Онда мүгедек жандарды жұмыспен қамту, АӘК тағайындау заңдылықтары және мүгедектік топтар бойынша мемлекет тарапынан берілетін тиісті көмектер туралы түсіндірме жасалып, заңнамалық кеңестер берілді. Жалпы, апта барысында жоба аясында аумақтық партия филиалдарымен 74 әлеуметтік нысанның бейімделуіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар мәселесі оң шешілді

Апта барысында  партияның облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Н.Ибраев облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қ.Мүбәраков, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е. Жоламанов, азаматтарды қабылдады. Қабылдауларға 12 азамат өтінішпен келіп, олардың бірқатарының мәселесі оң шешілді.

Іріктеу кезеңі өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық  филиалының ұйымдастыруымен жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру, жас ұрпақты әскери қызметші мамандығымен және әскери қызметтің қыр-сырларымен таныстыру  мақсатында 10-11 сынып оқушылары арасында «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті.

 «Qaisar» әскери-патриоттық ойынға қала мектептерінен 6 команда қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты. Іріктеу нәтижесінде І орынды иеленген «Дарын» мектеп-интернатының командасы  республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойынына жолдама алды.  Енді олар Қызылорда облысының намысын қорғайтын болды.

Айта кетейік, апта ішінде аймақтық және аумақтық филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарында іс-шаралар, партиялық жобалар мен қоғамдық кеңестер, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы  қоғамдық-саяси 72 іс-шара өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<