Ақпанда ауа райы қалай болмақ?

504

0

Фото: ашық дереккөз

«Туған ай – тураған етпен тең» деп халқымыз бекер айтпаса керек, ә дегенше қыстың соңғы айын да  бастадық. Әдетте қаңтар, ақпан айлары ызғарлы суығымен, бет қаратпас қарлы-боранымен есте қалатын. Алайда былтыр және биыл аймақта ауа райы халық күткендей емес. Биылғы қаңтарда күн райы аса бір суық бола қойған жоқ, сонысымен жанға да, малға да жайлы сезілді. Ал ақпаннан не күтеміз? 

«Қазгидрометтің» облыстық филиалының болжамынша, ауаның орташа айлық температурасы -4-8,9 градус күтіледі. Бұл облыстың басым бөлігінде норма шамасында, облыстың оңтүстігінде нормадан 1 градус жоғары (норма: -1,4-9,4°С).

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде -10-15 градус, оңтүстік-шығыста -5 градусқа дейін төмендеуі болжануда.

Екінші онкүндікте ауа тем­пературасы түнде -5-10 гра­дус, облыстың оңтүстік-шығысында 0 градустан -10-15 градусқа, түнде -16-21 градус, сол­түстік-батысында -24 гра­дусқа дейін төмендеуі мүмкін. Онкүндіктің  аяғында ауа тем­пературасының жоғарылауы күтіледі.

Ал үшінші онкүндіктің ба­сында ауа температурасы түн­де -7-12 градус шамасында сақ­талып, кей жерлерде жылынуы тиіс.

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бө­лігінде нормадан көп, облыстың солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі (норма: 7-19 мм). Бұрқасын бірінші және екінші онкүндіктердің ор­та­сына болжануда. Жел 15-20 м/с бір ай ішінде жиі соғуы мүмкін.

Наурыз айында болжам бо­йынша ауаның орташа айлық температурасы облыстың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары (норма: -6,7+0,0°С). Жауын-шашынның айлық мөлшері об­лыстың солтүстігінде, оңтүсті­гінде нормадан көп күтіледі (норма: 10-22 мм).

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<