Аққұм және Жаңадария тұрғындары мобильді топ өкілдерімен кездесті

680

0

Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының мобильді тобы Арал ауданындағы Аққұм және Жалағаш ауданының Жаңадария елді мекендерінде болып тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар елді мекенді газдандыру, жұмыссыздық, ішкі көшелерді жөндеу мен инфроқұрылым секілді мәселерді ортаға салды. Мәселен, Аққұм ауылының тұрғыны Айжарық Қосбармақов елді мекенді газдандыру мәселесін оңтайлы шешуге ықпал жасауды сұрады.

Ауыл тұрғындарын мазалаған барлық мәселелер мобильді топ жұмысының хаттамасына енгізіліп, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жіті бақылауына алынатындығын атап өтті. Мобильді топ жетекшісі, облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова.

Ал, Жаңадария ауылы бау-бақша өнімдері және мал шаруашылығымен айналысатын елдімекен. Шаруалардың жұмысы алға басуы үшін аяқ судан мәселе туындамауы қажет. Осы үшін ауылымыздың маңындағы Іңкәрдария каналын қазу және тазалау жұмыстары жүргізілсе», ̶ дейді ауыл тұрғыны М.Бостанов. Өтініш иесінің сауалына мобильді топ мүшесі, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шәменов жауап берді. Ол Іңкәрдария каналына қатысты жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асып жатқандығын тілге тиек етіп, мәселенің оңтайлы шешілуіне нақты жұмыстар жүргізілетін жеткізді.

Жаңадария тұрғындарын елді мекендегі ішкі көшелер жағдайы да алаңдатса керек. Себебі мобильді топ қабылдауына келушілердің бірқатары көшелер жағдайын айтты. Олардың айтуынша ауыл ішінде жалпы ұзындығы 4,2 км құрайтын Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелеріне мүлдем жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бүгінгі күні жобаның сметалық құжаттары әзірленіп, аудандық тиісті мекемелерге ұсынылған. Қаржы бөлуді қажет етеді.

Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері бүгін екі бірдей ауданда, 2 ауылда болып 50-ге жуық тұрғынды қабылдады. Бірқатар азаматтар сауалдарына сол жерде жауап алса, кейбір өтініштер мазмұнына қарай партия бақылауына алынып, тиісті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оңтайлы шешілуіне жұмыстар жасалатын болады және алдағы апта ішінде партияның мобильді топтары Арал, Қазалы, Жаңақорған, Шиелі аудандарына қарасты тағы бірқатар ауылдарда болып, тұрғындармен кездеседі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<