Ардагерлер кабинеті ашылды

492

0

Жуырда Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпақтар жүрер ұғынып» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. 

Мақсат – мектеп тарихымен, зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыру, мектепте ардагерлер кабинетін ашу.

Облыс бойынша жетпіс сегіз мың ардагер ұстаз бар. Іс-шарада талқыланған мәселенің бірі – шет қалған ұстаздарды ортаға тарту. «Қарты бардың қазынасы бар» дегендей, оларды әрбір мектепке қоғамдық жұмыстарға қатыстыру.

Мектеп директоры Данабек Әбдірайымов оқу-тәрбие жұмыстары туралы қысқаша айтып өтті. Тұлға тарихын білу жас ұрпақтың борышы екенін зерделей отырып, мектептің тәрбие жұмыстары бойынша «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі», «Мектеп театры» үйірмесі, «Оқуға құштар мектеп» және «Дебат» клубының жобасы аясында таныстырылым өтті. Оқушыларды ардагерлердің еңбек жолымен таныстырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту, инабатты, білімді, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру өте маңызды екені насихатталды.

Мектеп – ізденіс пен шығармашылық ортасы. Осындай бастамалар арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне тәлім, болашағына бағыт беріледі.

Қуандық АХМЕТҰЛЫ,

ата-ана комитетінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<