Ардагерлердің көшпелі алқасы

322

0

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс алқа мәжілісіне алқа мүшелері мен ардагерлер қозғалысының белсенділері қатысты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев аға буынның елдегі саяси шараларға үн қосуда әрдайым белсенділік танытатынын айтты.

– Өңірдегі іс-шаралар, қала құрылысының қарқынды қанат жаюы қуантады. Салынғалы жатқан әуежай терминалының құрылысымен таныстыңыздар, бата бердіңіздер. Сондай-ақ, сол жағалаудан 40 пәтерлі тұрғын үй берілгеніне де куә болдыңыздар. Апатты жағдайдағы тұрғын үй иелері жаңа қонысқа көшірілді. Бұл облыста атқарылып жатқан серпінді де қарқынды жұмыстардың нәтижесі дер едім, – деді ол.

Мұнан соң облыстағы ардагерлер қозғалысының жұмысын ілгерілетуге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына үлес қосып жүрген, жуырда ғана 70 жасқа толған ел ағалары Имамаддин Оңғарбаев, Бақыт Нұртазаев, Өмірбек Шәменов облыстық ардагерлер кеңесінің «Қызылорда облысының құрметті ардагері» медалімен марапатталды.

Кеңес төрағасы отбасының атынан Ұлыстың ұлы күніне арнап дастарқан жайып, наурызкөже ұсынды. Ардагер С.Аңсатов ел амандығын тілеп, ақ батасын берді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<