Ардагерлерге арналған спартакиада

997

0

Қызылорда медициналық жоғары колледжінде Денсаулық сақтау саласының ардагерлері  Дина Абпазова және Әлайдар Әбдуаитұлының 80 жылдық мерейтойларына арналған медицина қызметкерлерінің облыстық  54-спартакиадасы өтуде.

Оған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазылов, облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Нәлібаев және сала ардагерлері мен мекеме басшылары қатысты.

− Мемлекет басшысы әрдайым бұқаралық спортты дамыту қажеттілігін айтып келеді. Біздің облыс салауатты өмір салтын қалыптастыруда алдыңғы қатарда. Бұл спартакиада көп жылдан бері дәстүрлі түрде өткізілуде. Қатысушыларға кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қатар алып жүргені үшін алғыс білдіремін. Денсаулықтарыңызды шыңдап қана қоймай, рухы мықты адам ретінде өзгелерге үлгі боласыздар. Спорт адамды мақсатқа ұмтылу, табандылық, командада жұмыс істей білу тәрізді ең жақсы қасиеттерге баулиды. Мұндай қасиеттер қызметкерлерді спортта ғана емес, еңбекте де табысқа жетелейді, − деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, жарыс футбол, арқан тарту, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, ұзындыққа секіру секілді спорт түрлерінен өтуде. Жеңімпаздар медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиында марапатталмақ.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<