Арыста әлі де жарылғыш заттар табылып жатыр

609

0

Арыстағы 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, жарылыс салдарын жою барысында жанбай қалған, жарылу қаупі бар жарылғыш заттар табылуда. Ол жарылғыш заттардың құрамында кездесетін аз мөлшердегі жарылғыш заттар тасымалдауға аса қауіпті, деп хабарлайды Egemen.kz  Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған орай, Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады.

Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<