Ата заң – Тәуелсіздік тірегі

323

0

1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – еліміздің  Конституциясы қабылданып, «Қазақстан Республикасының мерекелері» заңына  сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын.
Осылайша  Республика Конституциясының күні – барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамға айналды. Ата заңымыздың назар аударатын басты ерекшелігі – бұған дейінгі Конституциялар өкілдік органдар арқылы қабылданған болса, 1995 жылғы 30 тамыздағы конституция халықтың тікелей қатысуымен референдум арқылы қабылданды, осылайша еліміздің халқы өзінің және келер ұрпақтың болашағын айқын белгілеп алды.
Осы атаулы мереке күніне байланысты  28 тамыз күні сағат сағат 11-00 де «Ақмешіт» музей филиалы «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көрмені қала тұрғындары мен қала қонақтары, жастар тамашалады.Көрменің мақсаты: Ата заң туралы түсінік беру, саяси санамен таным белсенділіктерін арттыру. Көрмеге музей қорындағы құнды құжаттар, кітаптар, фотосуреттер қойылды. Көрме 30 тамызға дейін жалғасын табады.                

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<