Аудан әкімі тұрғындармен кездесті

802

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың бүгінгі халықпен кездесуі Жалаңтөс батыр және Қ.Пірімов ауылдарында жалғасты. Кездесуде аудан басшысы өткен жылғы жұмыстардың қорытындысын баяндады. Тұрғындарды тыңдап, алда атқарылатын межелерді белгіледі.

Бүгінгі күні екі ауыл да көгілдір отын игілігін көріп отыр. Ендігі кезекте әлеуметтік нысандарды газға бейімдеу үшін құжаттары әзірленуде.

Сонымен қатар, қос ауылда да жеке тұрғын үйлерді электрмен жабдықтау және 4 көшеден жөндеуге жобасы әзірленуде.
Өткен жылы Қ.Пірімов ауылынан спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл орталық саябақтағы спорт алаңы жөнделмек. Ал Жалаңтөс батыр ауылынан спорт кешені мен Шитүбек елді мекенінен медициналық бекет құрылысын салу үшін жоба құжаттары дайындалды.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді Мұхтар Әуесұлы мұқият тыңдап, жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<