Бағаны бақылау жалғасуда

689

0

«AMANAT» партиясының бастамасымен аймақтық және аумақтық филиалдардағы мониторингтік топтар арнайы жұмыс алгоритмі бойынша апта сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына қоғамдық негізде зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Өткен аптада топ мүшелері облыс орталығындағы «Қызылорда» гипермаркеті, «Small», «Magnum Express», «Аль-Асад», «Алатау» және «Сәлем» сауда орындарында болып, тауар бағасына бақылау мен талдау жасады.

Алдағы уақытта мониторингтік топтар жүйелі түрде супермаркет, базар, дүкендерді аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алуға жұмыс жүргізеді.

Нақты ұсыныстар айтылды

«AMANAT» партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының азық-түлік бағасына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелерінің, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыс бойынша департаменті мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.

Жиында қазіргі уақытта күн тәртібінен түспей тұрған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының жай-күйі қаралып, мәселелер мен олардың шешілу жолдары талқыланды, нақты ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, 27 шілдеден бастап облыс орталығы мен барлық аудандарда құрамы 77 адамнан тұратын 10 мониторингтік топ құрылып, 84 сауда нысанына бақылау жұмыстарын жүргізді және бұл алдағы уақытта да жалғасады.

«Кедергісіз келешек»

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аумақтық филиалдар тамыз айына жоспарланған әлеуметтік нысанның мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық Жол картасына сәйкес бұрын салынған әлеуметтік нысандардың (меншік түріне қарамастан) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді етіп бейімделуі бойынша арнайы мониторинг жүргізілуде.

Жоспардағы нысандардың барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Осыған орай, әрбір нысанның толыққанды бейімделуі партияның бақылауында болады.

«ТAZALIKE» жобасына атсалысты

Кент орталығында көшелердің тазалығы, көше комитеттерінің жауапкершілігі, су жүретін арықтарды күл-қоқыстан тазалау, тал, гүл отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды.

Партияның Жаңақорған аудандық филиалының ұйымдастыруымен көктемнің алғашқы айында бастау алған партияның «TazaLike» жобасы аясында байқаудың қорытынды іс-шарасы өткізілді. Байқау наурыз айында әлеуметтік желі арқылы жарияланып, бәйгеге қатысушы 10 көше комитеті өтінім білдірген болатын.

Шарттарды толық орындап, жеңімпаз болған көшелерге «AMANAT» партиясы аудандық филиалының  Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС

Облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Балжан Қайырбекова тұрғындарды қабылдау өткізді.

Заңгерлік көмек партиялық жобасы аясында өткізілген қабылдауда азаматтар есепшоттардың бұғатталуы, жеке сот орындаушылардың әрекетсіздігі, алимент өндіру және т.б. заңгерлік мәселелер төңірегінде кеңестер алды.

Ақпараттық насихат жұмысы басталады

«AMANAT» партиясы ҚР Үкіметімен бірлесіп ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қолдау үшін «Ауыл аманаты» жобасын әзірледі және жобалық кеңсе іске қосылып, нақты жұмыстар бастады.

Аталған жоба шеңберінде 2023-2025 жылдары еліміздің барлық облысына бюджеттік несиелер бөлу көзделіп отыр.

Партияның Саяси менеджмент академиясының тренерлерінен жасақталған арнайы мобильді топ өңірде болып, ауыл тұрғындарына дәрістер өткізеді. Ұсыныстар білдіретін немесе кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар аудандық партия филиалдары арқылы ақпарат алып, кездесулерге қатыса алады.

Жалпы апта ішінде, аймақтық және аумақтық филиалдар мен БПҰ-да кездесулер, тақырыптық қабылдаулар, партиялық бақылау және т.б. түрлі форматтағы 54 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<