Басты назарда – балалар қауіпсіздігі

272

0

Жуырда қаладағы «Мұрагер» мектебінде облыстық полиция департаменті және облыстық білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық бірлескен облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Облыстық білім басқармасы басшы­сының орынбасары Ақзи­ра Бақты­байқызы бүгінгі таңда қоғамда орын алып отырған қо­лайсыз оқиғалардың балалар өміріне қауіп төндірмеуі үшін тәрбиелік шаралардың ау­қы­мын кеңейтіп, оларға тұ­рақты түрде психологиялық тұр­ғы­дан қажетті кеңестер беріп оты­рудың маңыз­дылығын айтты.

Облыстық полиция депар­таменті, Жергілікті полиция қыз­меті бастығының орынбасары Ерболат Жәукеев кәмелетке толмағандар арасындағы қыл­мыстың бүгінгі көрсеткіші жө­нінде баяндай келіп, алдын алу шараларын күшейтуді ұсын­­ды. Осы ретте облыстық поли­ция департаменті, экстре­мизмге қар­­сы іс-қимыл басқармасының бас­тығы Қуаныш Оразов тал­қыланып отырған тақы­рыпқа сай ой-пікірін білдірді. Сол се­кілді психолог маман Ал­ма­гүл Аяғанова, Шиелі ин­дуст­ри­­алды-аграрлық кол­леджі ди­­­­­рек­торының орынбасары Бақ­­­­тияр Дайрақұлов сынды ма­ман­­­дар ойларын ортаға салды. Се­­минар-кеңестің келесі бө­лі­мін­де қатысушылар Назарбаев зияткерлік мек­те­бінде, «Рухани жаң­ғыру» орта­лы­ғында жә­не қа­­ладағы №1 өрт сөндіру бө­лі­мін­де болып, қауіпсіздік ша­ра­ларының барысымен та­ныс­ты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<