«Батыр блогер» жаңа қызметте

443

0

«Хабар» агенттігінің Интернет жобалар дирекциясының директоры қызметіне Батыржан Ибрагим тағайындалды.

Ол – интернет саласының, оның ішінде әлеуметтік желілердің қыр-сырын жақсы меңгерген білікті маман. Агенттікте қызмет етіп келе жатқан Батыржан соңғы жылдары бас SMM маман болып, бірқатар жобалар жасады.

Осы орайда үміткерлердің ішінен мамандар таңдауда өз ішімізде еңбек етіп жүрген жандарға басымдық берілгенін айта кету керек. Жалпы, әлеуметтік желілердің қоғамдағы маңызы күн санап артып келе жатқан заманда аталған сала біз үшін басым бағыттардың бірі болып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<