Берері мол бес жоба

532

0

Биыл он айда облыста 854,2 млрд. теңгенің өндіріс өнімі өндірілген.

         Жалпы құны 4, млрд. теңгені құрайтын, 275 жұмыс орны құрылатын 5 жобаны іске асыру жоспарланған. «Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабрикасы («Қармақшы құс» АҚ). Құны – 3 млрд.теңге. Фабрика іске қосылса 160 адамды жұмыспен қамтиды. Қармақшы ауданында жүзеге асатын бұл жобаның пайдалануға беру құжаттары әзірленуде.

         Аймақтағы ірі жобалардың бірі − «Балық өңдеу цехын салу». Бұл істі «Тұрғантамы» шаруа қожалығы қолға алды. Жоба құны−600 млн.теңге. Цех іске қосылса – жылына 324 тонна өнім бермек. Балық өңдеу жұмыстарына Қармақшы ауданынан 40 адам жұмысқа алынады. Бұл жобаның да пайдалануға беру құжаттары әзірленіп жатыр.

         Қазалы ауданында балық қалдықтарынан ұн өндіру цехы ашылады. Бұл шаруаны «Игіліков» жеке кәсіпкерлігі қолға алған. Жоба құны−100 млн.теңге. Жылына 1056 тонна өнім өндіретін өндіріс 19 адамды жұмыспен қамтиды. Желтоқсан айында жұмысын бастамақ.

         Сырдария ауданында күріш ақтау цехының құрылысы жүріп жатыр. Бұл істі «Шаған» қожалығы қолға алған. Жоба құны−150 млн.теңге. Мамандар жылына қуаттылығы 630 тонна күрішті ақтамақ.  Бұл цехта 25 сырдариялыққа жаңадан жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

         Қызылорда қаласындағы «Вега-Пром» ЖШС «Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша цехты кеңейту» жобасын жүзеге асырмақ. Жоба құны−103 млн теңге. Қуаттылығы − жылына 23,4 мың тонна. Іске қосылғанда 31 адам жұмыспен қамтылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<