Бір отбасы мүшелері ысты газға уланып қалды

496

0

Қызылорда облысында бір отбасының 4 адамы түтінге уланып, ауруханаға түсті.

Оқиға бүгін, 23 желтоқсанда сағат 03.56-да болды. Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында тұратын отбасы мүшелері пештің ақауынан тараған көмірқышқыл газына уланған.

«Олардың үшеуі – ересек адам болса, біреуі – бала. Оқиға орнына құтқарушылармен бірге жедел жәрдем бригадасы да келді. Уланған адамдар аудандық ауруханаға жеткізілді», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<