«BIR TOLQYNDA» атты жастар шарасы өтті

352

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Бүгін «Жастар орталығында» белсенді және шығармашыл жастар мен волонтерлердің қатысуымен «BIR TOLQYNDA» жастар шарасы өтті.
Шараға басқарма басшысы Алмасбек Есмаханов қатысып, өңірде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде, Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің қолдауымен іске асып жатқан жаңа жобаларға тоқталды.
Сонымен қатар, үздік волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын табыстап, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауының жеңімпаздарын алғыс хатпен марапаттады.
Айта кету керек, шара аясында «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттар байқауы жеңімпаздарының жобалары бойынша арнайы көрме ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<