Бірлескен мәлімдеме жасалмақ

461

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады.

Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<