Бюджеттік бағдарлама қалай орындалды?

390

0

АӨК субъектілеріне қаржылық жүктемені төмендету мақсатында несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемені арзандату механизмі жүзеге асырылып келеді.

Осы жылдың ақпан айынан бері ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидасының сыйақы мөлшерлемелерінің субсидиялау нормативі өзгертілді.

Жаңадан қабылданған қағиданың 4-тармағына сәйкес субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықтарды, ауыл шаруашылығы жануарларын, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылыс салуға (ұн, минералдық сулар және алкогольсіз сусындар өндіретін негізгі құралдарды сатып алу қарыздарын қоспағанда) арналған;

2) өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған;

3) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған.

Осы бағытта көрсетілген қарыз шарттары бойынша субсидиялау Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 пайыздық теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақыдан аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады.

Ұсынысты қарастыру кезінде қарыз шарты жасалып жатқан сәтте қолданыста болған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген және 2022 жылғы 25 қаңтардан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша қарыз алушы номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6%-ын төлейді, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 7,5 пайыздық және қарыз алушының теңгемен төлеген 6% сомасы арасындағы айырманың нәтижесінде алынған номиналды сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі мемлекеттік бюджеттен субсидияланады.

Биыл жергілікті бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген, есепті кезеңде 2,7 млрд теңге қаржысы игерілді.

Жалпы бағдарламаға 228 қарыз шарты негізінде 213 АӨК субъектісі қатысты.

Атап айтқанда, 201 қарыз шарты негізінде ауыл шаруашылығы жануарларын, құрылыс, техника мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға, 27 қарыз шарты негізінде өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды.

Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуін қамтамасыз етуге әсер етті. Нәтижесінде несие алған шаруашылық құрылымдардың қаржылық жағдайын жақсартуға мемлекеттен едәуір көмек көрсетілді. Сонымен қатар, өндірісті жолға қойып, шығарылатын өнімнің көлемін арттыруға ықпал етті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<