Брэйнг-ринг интелектуалдық ойыны өтті

172

0

Облыстық Жастар ресурстық орталығында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының ұйымдастыруымен аймағымыздағы жастар ұйымдарының арасында брейн-ринг интелектуалдық ойыны өткізілді.

Ойынға аймағымызда белсенді жұмыс жасап келе жатқан 10 жастар ұйымы қатысып, үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде білім сайысына қатысушылар еліміздің тарихы жөнінде қойылған сауалдарға жауап берсе, екінші кезеңде «Киномания», яғни, кино туындылар жайлы сұрақтарға жауап берсе, үшінші кезеңде команда капитандары тапсырмаларды орындады.

«Біздің бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – облысымыздың әр жастар ұйымдарынан жиналған бұл брейн-рингте студенттердің ойын барысында қарсылас болуы олардың арасындағы сыйластық пен достықты қалыптастыруға, нығайтуға әрі білімдерін арттыруға бағытталды», – деді Мағжан Ералиев.

Ойын барысында қатысушы командалардың өкілдері барынша белсенділік танытып, қойылған сауалдарға нақты жауап беруге тырысты. Қатысушылар әдебиет, мәдениет, тарих салаларынан қара жаяу еместіктерін аңғартып, өз білімдерінің деңгейін анық көрсете алды

Сайыс қорытындысы бойынша «Жайдарман» командасы жүлделі І орынды, ІІ орынды «Ұлағат ұландары» командасы, ІІІ орынды «Jas Otan» жастар қанаты иеленді. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар және сертификаттар табысталды.

Облыстық «Сыр үміті» жастар қауымдастығының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз