Доллар қымбаттап жатыр

892

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,40 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 436,22 теңге болды. Ұлттық банктің 3 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 435,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,98 теңгеден сатылса, сатып алу – 439, 01 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 437,90 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 439,00 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<