Дональд Трамп коронавирус жұқтырды

535

0

Осыған дейін індеттің бақылауда екенін және пандемия жақында аяқталатынын айтып келген АҚШ президенті Дональд Трамптан COVID-19 анықталды. Ақ үйде мемлекет басшысымен бірге тығыз қарым-қатынаста болған қызметкерлердің барлығы карантинге жіберілген.

Арнайы баспасөз мәслихатында ем-дом жасап жатқан дәрігер науқастың бақылауда екенін айтып, алдағы 48 сағат Трамп үшін аса маңызды екенін мәлімдеді. Журналистердің оттегі алды ма деген сұрағынан жалтарған дәрігер кешеден бері президентке оттегі беру қажеттілігі болмағанын жеткізді. Ал сенбі күні Трамп Twitter-де төрт минуттық видео жариялады. Үндеуде ол денсаулығына алаңдап, қолдау білдіріп жатқан жерлестеріне және тілектестік білдірген әлем көшбасшыларына алғысын жаудырды. Өзі де алдағы бірнеше күннің аса маңызды екенін атап өтті.

Коронавирус жұқтырған Президенттің әйелі Мелания Трамптың сырқаты жеңіл өтіп жатқан көрінеді. Ол емханада емес, Ақ үйде емделіп жатыр. Президенттің вирусты қайда жұқтырғаны туралы болжамдар бірден пайда бола бастады. Көпшілік өткен аптада адам көп жиналған Раушан бағында өткен іс-шарада жұқтырған болуы мүмкін деп отыр. Өйткені Трамп пен әйелінен бөлек, сол жиында болған тағы алты адамның індет жұқтырғаны белгілі болған. Тұрғындар осыған дейін де Трамптың пандемия аяқталғандай еркін жүргенін, маска тақпауын талай сынға алған еді.

АҚШ вирус жұқтырған елдердің арасында әлі де көш бастап тұр. Елде барлығы 7 миллионнан астам одан індет жұқтырып, оның 700 мыңнан астамы қайтыс болған.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<