Дүние дүрмек

368

0

Отставкасын қабылдады

Ұлыбритания королі III Чарльз премьер-министр Лиз Трасстың отставкасын қабылдады. Осылайша, Трасс өз қызметінде бар болғаны 49 күн өткізді. Енді Ұлыбритания үкіметін Риши Сунак басқарады. Ол ел тарихындағы ең жас премьер-министр және бұл лауазымды атқарған алғашқы үндістандық саясаткер болады.

Трасс 20 қазанда зейнетке шығатынын хабарлаған. Ол өзіне жүктелген мандаттың міндеттерін орындай алмайтынын мойындады.

Император ингвиндері

АҚШ үкіметі 25 қазанда император пингвиндерінің жойылып кету қаупі бар деп жариялады. Ғалымдар мұздықтардың еруі салдарынан Антарктиданың эндемигі саналатын құстар осы ғасырда жойылып кетуі мүмкін екенін айтуда.

Мұздың ерте жарылуы салдарынан 2016 жылы Халлей шығанағында император пингвиндерінің екінші үлкен колониясының 10 мыңнан астам балапаны өлген. Балапандар жүзуге әлі дайын болмағандықтан, суға батып кеткен. Колония әлі қалпына келген жоқ. Климаттың өзгеруі сондай жағдайлардың қайталану қаупін төндіреді.

Құтқарушы егеуқұйрықтар

Бельгияда егеуқұйрықтарды үйінді астынан адамдарды құтқаруға үйрете бастады. Бельгиялық коммерциялық емес ұйым «APOPO» жобасы аясында кеміргіштерге кеудеше кигізіп, кішкентай бейнекамерамен жабдықтап, үйінді астынан адамдарды табуға үйретуде. Кеміргіштер аптасына бес күн 15 минуттан тренажерда жаттығуда.

Егеуқұйрық үйінді астында қалған адамды тапқан соң кеудешесіндегі дабыл қағатын түймені басуы керек. Болашақта зардап шеккендермен байланысу үшін кеудешеге микрофон орнатылуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, әрбір егеуқұйрықты үйрету үшін тоғыз-он екі ай қажет.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<