Дүние дүрмек

292

0

Орта жастан асқанда…

Өзбекстанда өткен жылы 60 және одан жоғары жаста балалы болған ер адамдардың саны өскен.

Бұл туралы елдің статистика агенттігі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанда бір жыл ішінде 60 және одан жоғары жастағы 819 ер адам балалы болған. Сондай-ақ 50 және одан жоғары жаста некеге тұрғандар саны – 6 651.

Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылы 962 мың нәресте дүниеге келген.

BAFTA сыйлығы табысталды

Лондонда британдық кино академияcының BAFTA сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Ең үлкен жетістікке Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» блокбастері жетті. Ол үздік фильм, үздік ер адам рөлі және үздік режиссер сияқты барлығы жеті номинацияны жеңіп алды. «Оппенгеймердің» продюсері – Ноланның әйелі Эмма Томас. Ол мұндай сәтті тіпті елестете алмағанын айтты.

Екінші орында бес жүлде берілген, бас рөлді Эмма Стоун сомдаған «Бақытсыздар» фильмі тұр. Стоунның өзі үздік әйел рөлі жүлдесін жеңіп алды.

«Мүдделер аймағы» тарихи драмасы үш BAFTA жүлдесін жеңіп алды. Соның ішінде көрнекті британдық фильм үшін жүлде бар. Көрермендер арасында ең танымал «Барби» мен «Солтберн» он марапатқа ұсынылғанына қарамастан, жүлдеден құр қалды.

Марапаттау рәсіміне Ұлыбритания киноакадемиясының президенті Уэльс ханзадасы Уильям да қатысты. Марапаттау рәсімі мен банкеттерден кейін жеңімпаздар мен жеңілгендер шамамен екі аптадан кейін өтетін «Оскар» сыйлығын табыстау рәсіміне дайындалу үшін Атлант мұхитының арғы бетіне аттанады.

Ақпарат көздерінен

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<