Елорда маңында бір апта жанған өрт сөндірілді

334

0

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана маңындағы өрттің сөндірілгенін хабарлады. Еске салайық 80 гектарға жайылған жалын 19 маусымда тұтанған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, өрт бүгін түске таман толық сөндірілген. 

“Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды”, – деп жазылған ақпаратта. 

Еске салайық, бұған дейін Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері 80 гектар аумақтағы жалынмен бірнеше күннен бері күресіп жатқанын жазған едік. Алғашқы үш күнде авиация көлемі 447 тонна суды 149 рет ағызды. 

Жалынды сөндіруге 34 адам, сегіз бірлік техника жұмылдырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<