Елордада еліміздің бас шыршасының шамы жағылды

578

0

Нұр-Сұлтанда еліміздің бас шыршасының шамдары жарқырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше кешкісін астанадағы барлық шыршаның шамы жанды. Қала тұрғындары мен қонақтары EXPO кешені маңына жиналды. Еліміздің бас шыршасы осы жерге орнатылған. Жалпы, Нұр-Сұлтанның түкпір-түкпіріне ұзын-ырғасы 30 жаңажылдық шырша қойылған.

Бүкіл қаладағы шыршаның мерекелік шамдары 22 желтоқсан күні кешкі 20:00 кезінде түгел жанды. Жаңажылдық шаралардың бастауы ретінде «Хабар» арнасында «Ғажайып шырша» қысқаметрлі фильмі көрсетілді. Ал 20:00 кезінде бас шыршаның шамын жағу рәсімі тікелей эфирде трансляцияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<