Еңбегімен елге танылған

498

0

Жәнібеков Ғанибек Тәттібайұлы 1969 жылы 13 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2001 жылы Халық Академиясы жанындағы дербес экология университетін «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 1991 жылы Жалағаш аудандық Аргопромтехника акционерлік қоғамда сантехник болып бастаған. 1993-1999 жылдары слесарь, 1999-2000 жылдары жүргізуші, 2000 жылы Жалағаш су шаруашылығы басқармасында маусымдық су реттеуші, 2001-2005 жылдары Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде орманшы, 2005 жылдың шілде айынан орман шебері қызметін атқарған. 2006 жылдың қазан айынан бастап Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметін абыроймен әрі үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.

2014 жылы жыл қортындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қосқан еңбегі үшін Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаевтың «Жылдың табиғат қорғаушысы» номинациясымен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған дәстүрлі Арал өңірі балықшыларының екінші слетін жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың алғыс хатымен марапатталды. Жыл сайын Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тарапынан бірнеше алғыс хаттар мен грамоталары да бар.

30 жылдан астам табиғатты қорғау саласында еңбек еткен Ғ.Жәнібековтың жұмыс барысында тәжірибесі мол. Өз жұмысына ұқыптылықпен қарайтын білікті қызметкер. Қабілетті маман ретінде жақсы жағынан көрініпте келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жұмыс барысында ережелерде қатаң сақтай отырып, тиісті шараларды заң аясында қабылдай біледі.

Ұйымдастырушылық тәжірибесі мол Ғанибек Тәттібайұлы өзіне жүктелген міндеттерді уақытында орындап, оларды заңдылықтарға сәйкес жүргізуде өзін іскер, сауатты басшы ретінде көрсетіп жүр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<