«Есірткісіз болашаққа!» атты шара өтті

725

0

Республика көлемінде «Есірткісіз болашаққа!» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл бастамаға қызылордалықтар да атсалысты. Қызылорда темір жол вокзалының перронында шара өтті. Оған олыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Ардақ Дөненов қатысып, нашақорлық мәселесіне, оның ішінде синтетикалық заттардың қауіптілігіне тоқталды.

Шара барысында, грек-рим күресінің әлем және Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ермек Алпысбайұлы мен «Қызылорда еріктілері» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ольга Чебакова, Сыр елінінің халқына, жастарына үндеу жолдап, есірткісіз болашақты қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы ПД-ң Кинологиялық орталығының қызметкерлері, кызметтік иттерімен есірткі заттарын анықтау тәсілдерімен бөлісті.

Жергілікті өнерпаздар нашақорлық дертіне шалдыққандардың өмірі жайлы пролог дайындап, әнші, бишілер өнерін көрсетіп бұқара қауымды нашақорлыққа қарсы шығуға шақырды.

Шараға Қызылорда станциясы бойынша желілік полиция бөлімінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесі, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, жастар саясаты мәселелері, білім салаларының уәкілдеріде қатысты.

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен есірткі мәселесіне қатысты арнайы әзірленген ақпарат парақшаларды «Қызылорда еріктілері» қөғамдық бірлестігінің белсенділер көрермендерге таратты.

Гүлбану МАҚАЖАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<