Есірткісіз өмір ғажайып

2195

1

Есірткі – қоғам дерті,әлемді жаулаған қатер.
Есірткі, грек тілінен енген термин болып табылады, яғни грек тілінен аударғанда «Естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ең алғашқы енгізген грек емшісі Гиппократ болды. Есірткі сезгіштіктіктің толық жоғалуына, кейбір жағдайларда паралич тудыратын зат болып табылады.


Есірткінің тарихына келетін болсақ, біздің дәуірге дейін бес мың жыл бұрын бастау алған. Бастапқыда есірткіні медициналық мақсаттарға пайдаланған. Мысалы: біздің дәуірге  дейін 3 мың жыл бұрын Қытай императорының ем кітабында жөтел, диареяны және шамадан тыс ұмытшақтықты  гашиш арқылы емдеу рецептілері түрінде сипат алды. Діни мақсаттарда есірткі өзгерген сананың жағдайына қол жеткізу үшін пайдаланылған.


Нашақорлық – бұл ХХІ ғасырдың әлеуметтік және медициналық мәселесі болып табылады. Халықаралық тәжірибеде Ұлыбритания, Бельгия, Грекия, Ирландия, Канада, Франция және басқа да мемлекеттерде осы қылмыстары үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгілеген. Ал есірткіні сатқаны үшін Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ, Таиланд елдерінде өлім жазасына кесу заңнамалары көрсетілген. Біздің елімізде де «Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауда: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет..» делінген.

Есірткі өлімге әкеліп соғады. Бір жағынан таратушы, жеткізіп берушінің өмірі, екінші жағынан есірткіні пайдаланушының өміріне қауіп төнеді. Есірткінің әсерінен адамның жүйкесін тыныштандыратын әсер алғанымен, есірткінің күші жойылғанда адам өте сезімтал болады, есірткі әсерінен өзін көңілді сезінсе, есеңгіреу аяқталғаннан кейін адам төзгісіз ауруды сезінеді. Есірткінің ең күшті әсер ететіні «Героин» болып табылады. Нашақор 15-30 секунд бойы ләззат алады, содан соң себепсіз қайырымдылық, көңілді күй сезімдерін сезінеді. Нашақорлықтан бұлшықеттері, буындары қатты ауырады, ұйқысыздық пайда болады, осыны жою мақсатында келесі тағы қолдануға тура келеді. Яғни өзінің бойындағы есірткіден кейінгі ауырсынуды жою үшін жиі қолдана бастайды.


Қазіргі уақытта есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерген. Олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалалары толтырып отыр. Менің ойымша, есірткіні ең алғашқыда қолданып көретін адам бір рет қолданамын, көремін, көңіл-күйімді көтеремін, ләззат аламын деген оймен қолданады. Бірақ уақыт өте келе өзінің қалай есірткіге тәуелді болып қолғанын сезбей де қалады.

Қарап отырсақ адам айтса сенгісіз,өлімдер мен ауруларға алып келеді.Оған қарамастан қолдану мен сатып алу қарқыны төмендер емес.15 секундтың ләззат алу үшін,өз өмірін қиятындар қаншама.


Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында клеи, штрих, лак, жидкость иіскеу секілді, яғни таксикоманияда көптеп туындап отыр. Таксикоманияда нашакорлықтың бір сипаты болып табылады. Зиянды заттарды иіскеу адам ағзасы үшін өте зиянды.


Есірткіні қолданған адамдар біріншіден, денсаулығы нашарлайды, екіншіден, нашақордан дүниеге келген бала науқас болады немесе ұзақ өмір сүре алмайды. Есірткіні көп мөлшерде қолданған адам есінен адасады, өз өміріне, туған-туыстарына кері әсерін тигізеді. Ақырында өлімге душар болады.


Адамдар не себепті есірткіге әуес болады?
Осы орайда Абай атамыздың «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық  Аздырар адам баласын..» өлең жолдары еске түседі. Өйткені, баршылыққа масаттанып істерге іс таппаған, өз проблемаларының шешімін таба алмаған адамдар немесе жасөспірім шақта жақсы мен жаманды ажырата алмаған уақытта білместікпен әуес болғандар нашақорлыққа бейім болады деп санаймын. Нашақорлық жақсы дүние емес.Қанша жерден әшейін дүние секілді көрінгенімен,шын мәнінде адам баласын тәргі дүние жолына түсіретін бұл зат неліктен соншалықты сұранысқа ие депте ойлаймыз! Қаншама өлім,қаншама дерт.


Есірткісіз өмір ғажайып.
Мамандар елімізде 24 мыңнан астам адам есірткіге тәуелді екенін растайды. Бүкіл дүниежүзін жайлаған есірткіге тәуелділік тамырын тереңге жайған жұқпалы індетке айналып барады. Есірткімен күресу адамзаттың көкейкесті мәселесі. Сондықтан онымен күресу, одан сақтану, бойын есірткіден аулақ ұстау, өзінің салауатты өмір салтын ұстану адамзаттың келешекке жетелейтін ұстанымы. Есірткіден бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанайық!


Нұрлан Нұрдаулет,
Абай мектебінің 8 «Е» сынып оқушысы

Қызылорда қаласы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысқа
#Есірткісізөмірғажайып
#Есірткігеқарсыбайқауы
@upndpkzo   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<