Газ мәселесі қаралды

539

0

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының «TALQYLAU» алаңында өңірдегі газ мәселесі, оның ішінде тарифтер мен сапа жайы талқыланды.

Аталған жиынға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Б.Кесебаева, ҚР Энергетика министрі Б.Ақшолақов, «QazaqGaz» Ұлттық компаниясының төрағасы С.Жаркешов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы А.Дарбаев ZOOM бағдарламасы арқылы, сондай-ақ, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, партия филиалы жанындағы өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының өкілдері қатысты.

Министрлік алдына қойылған күн тәртібіндегі мәселе тамыз айында министрлік, жергілікті әкімдік, жауапты сала мамандары және қоғам белсенділерінен құрылған комиссия арқылы нақтыланып, шешім шығарылатын болып келісілді.

Шаруалардың талап-тілегі

«AMANAT» партиясының облыстық филиалына мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың жетекшілері келіп, облыстағы жем-шөп бағасының тұрақсыздығына орай мал азығын мемлекет тарапынан субсидиялау туралы талап-тілектерін білдірді.

Азаматтармен партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Жарылқасынов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Т.Дүйсебаев кездесіп, мәселені жан-жақты талқылап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу соңында аталған мәселелер бойынша алдағы уақытта тиісті орындармен бірлесе отырып, заң аясында жұмыстар жүргізілетіні хабарланды.

Кеңес отырысы

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 17 тармағы бойынша әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша мекен беру жөніндегі орталықтар құру мәселесі, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстар барысы кеңес отырысында қаралып, талқыланды.

Жиынға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Салтанат Тұрсынбекова партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов және кеңес мүшелері, тиісті сала өкілдері қатысты.

Заңгерлік кеңес берілді

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде заңгерлік көмек бағытында тақырыптық қабылдау өткізілді.

Қабылдауды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ұ.Оразгелді, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң палатасының заңгер-консультанты Б.Қайырбекова және облыстық өңірлік сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Е.Медешов жүргізіп, қала тұрғындарына заңгерлік, құқықтық көмек көрсетті.

Фракция мүшелері қабылдау өткізді

Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Б.Махашов пен М.Ералиев қабылдау өткізді. Қабылдауға келушілер әлеуметтік мәселелер мен денсаулық сақтау саласы бойынша өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Қабылдау барысында депутаттар тұрғындардың өтініштерінің оңтайлы шешілуіне ықпал жасап, кейбір мәселелер бойынша кеңестер берді.

Жалпы апта барысында түрлі форматтағы 49 қоғамдық-саяси іс-шара ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<