Жыл соңына дейін 68%-ға жетеді

864

0

Мұнай-газ  – еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін айқындайтын жетекші саланың бірі. Елімізде газға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде республикада газдандыру деңгейі 58%. Ал, өңірде газ саласын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандыру деңгейі 67%-ды құрады. Оның ішінде: 3 қала және 17 ауылдық елді мекен бар.

Биыл 14 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға 5,8 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде: республикалық бюджеттен –
4,5 млрд.теңге, облыстық бюджеттен  542 млн.теңге, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында  795 млн. теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы  аясында  257 млн. теңге қаралды.

Ағымдағы жылы Жаңақорған ауданындағы «Бірлік» және «Қыраш» ауылдарын, Шиелі ауданындағы «Алғабас» және «Ақмая» ауылдарын, Тереңөзек кентінде газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту, Қазалы ауданындағы Пірімов, Жалаңтөс батыр, «Басықара» елді мекендерін газдандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы «Төретам» кенті мен «Ақай» ауылын, Арал ауданындағы «Сексеуіл» кентін газдандыру және Шиелі ауданындағы «Тартоғай» елді мекеніне АГТС орнату жобалары жүзеге асырылуда.

Қалаға қарасты «Наурыз» және Махамбет елді мекендерін газдандыру жобасының құрылысы келесі жылы аяқталады.

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша Қазалы қаласы, Шиелі ауданы «Алғабас», «Ақмая» елді мекендерін  газдандыру мен «Тереңөзек» кентіндегі газдандырылмай қалған көшелерге газ құбырын тарту жобасы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін облыстың газдандыру деңгейін 68%-ға жеткізу жоспарлануда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<