Ғалымдар: Арктикадағы мұз біз ойлағаннан да жылдам еріп барады

855

0

Лондон университеттік колледжінің ғалымдары Арктикадағы мұздың жылдам еріп бара жатқандығын айтып дабыл қағуда.

Айтуларынша, Арктикадағы мұз бұған дейінгі есептеулерден 2 есе жылдам еріп бара жатқан көрінеді. Өйткені мамандар бұл жолы өлшеудің жетілдірілген технологиясын қолданған. Ғалымдар «бәріне жаһандық жылыну себеп» дейді. Өйткені қар бұрынғыдан аз жауатын болған. Тиісінше, мұз да жылдам ери бастаса керек.

Казинформ.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<