Хабарландыру

443

0

Қарулы Күштерінің бірыңғай жүйесін құрайтын қазіргі заманғы, саны жанынан жинақы, жақсы жабдықталған және жауынгерлік қабілеті жоғары Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты және Кадет корпусы құрылды. Әскери оқу орындары әскерилердің кәсіби шеберлігін арттыру саясатын жалғастыруда. Сонымен бірге әскерлерді келісімшарт негізінде жасақтау, армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыру одан әрі дамытылды. Сонымен қатар, тағдырын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалатын болады. Бүгінгі күні отандық әскери білім беру жүйесін Қорғаныс министрлігінің қарамағында әскери оқу орындары құрайды. 1. Алматы қаласында орналасқан Құрлық әскерлерінің Әскери институты. 2. Ақтөбе қаласында орналасқан Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. 3. Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. 4. Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжі. ҰБТ мынадай жалпы білім беру пәндерінен жүргізіледі: математика, физика – негізгі пән, қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілдері; кемінде 50 балл, оның ішінде математикадан сауаттылығы немесе математикадан кемінде 7 балл, ал қалған пәндер бойынша – кемінде 4 балл тестілеу нәтижесі бар үміткерлер келесі емтихан тапсыруға жіберіледі. Әскери оқу орнын бітірген азамат лейтенант шенімен оқу бітірісімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне жөнелтіп, әскери қызмет атқарады, яғни әскери мамандықты таңдаған азаматты жұмыссыз қалдырмайды. Керісінше мүмкіндігінше үй-жаймен қамтамассыз етіп барлық жағдайды жасайды. Сондықтан қаламыздағы болашақ ел қорғайтын ер азаматтар Бауыржан аталарымыздай жау жүрек батыр болғылары келсе, елінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етуді мақсат тұтар болса, жергілікті жердегі Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (военкаматқа) жолығуларын сұраймыз. Мекен жайымыз: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі №19 Байланыс телефондары: 26-42-50, № 118 кабинет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<