«I-VENT» инновациялық және бизнес жобаларының форумы өтті

759

0

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және «Болашақ» университеттерінің қолдауымен облыс колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері және жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары арасында «I-VENT» инновациялық және бизнес жобаларының форумы өтті.

«I-VENT» инновациялық және бизнес жобалар форумына Қызылорда облысы колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері және жалпы орта білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары қатысты.

Форумның мақсаты – студенттер мен оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен креативті ойлауын, кәсіпкерлік саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, ғылыми қызметте қабілет танытқан менеджмент, бизнес және экономика саласындағы ең дарынды оқушылар мен студенттерді анықтау және қолдау, сондай-ақ бизнес-білім беруді танымал ету, әлемдегі қарқынды өзгерістер жағдайында бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.

Форум екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезең, ұсыныстарды қабылдау, алдын ала іріктеу –
5-15 желтоқсан аралығында өтті.

 Екінші кезең, қорытынды кезең – 23 желтоқсанда ұйымдастырылды.

Форумға жеке кәсіпкерлер, бизнес-инкубатор жетекшілері, бизнес-идеялар жобаларының жеңімпаздары қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар жас өнертапқыштарға мотивация беру мақсатында өз білімдерімен бөлісіп, тәжірибелерімен таныстырды.

Екінші кезеңде қатысушылар өздерінің бизнес-жобаларын қазылар алқасының мүшелеріне питч (қысқаша құрылымдалған презентация) түрінде ұсынды.

Форумда үздік деп танылған жобалардың авторлары арнайы дипломдармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<