ІІМ министрі Facebooк-те парақшасын ашты

738

0

ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebooк-те парақшасын ашты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Құрметті отандастар! Бүгіннен бастап мен әлеуметтік желіге қосылдым. Бұл қадам – ішкі істер органдарын реформалауда қажетті құралға және полиция мен қарапайым азаматтар арасындағы «алтын көпірге» айналатынына сенімім мол. Қылмыспен күрес, адамдардың тыныштығын күзету оңай емес. Біздің басты міндет – халықтың сенімі! Сондықтан әлеуметтік желідегі тиімді байланыс арқылы сол көрсеткішті одан сайын жақсартамыз деген үміттемін. Қолдау білдіргендеріңіз үшін рахмет!», деп жазды ІІМ министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<