Инфрақұрылымды дамыту үшін тұжырымдама әзірленді

241

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгінде аймақ халқының тұрмыс-тіршілігін одан әрі жақсартудың арнайы тұжырымдамасы жасалып, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың кезекті VIII сессиясында айтты.

«Президентіміз «Мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі – аймақтарды жан-жақты дамыту. «Қуатты аймақтар – қуатты мемлекет» дегеніміз – жалаң ұран емес. Бұл – Әділетті Қазақстанды құруға қажетті ең басты қағидат. Менің тапсырмаммен ауыл-аймақты дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Аймақтарда әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын құру – басты міндет» деп нақты атап өтті. Өңірде инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуда оң нәтижелер бар. Облыстағы жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 87,5 пайызға жетті. Сырбойылықтардың 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Өңірді газбен қамту көрсеткіші 75 пайызды құрады», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының еліміздегі жылу-электр орталықтарының жұмысын жандандыру тапсырмасына сәйкес аймақта ірі жоба жүзеге асуда. Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқын алды. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынатын ең ауқымды, теңдессіз жоба. Өйткені жылу-электр станциясының құрылысы республикада алғашқы болып Сыр өңірінде басталды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<