Ювеналды полиция қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізді

601

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында күнделікті рейд жүргізуде.

Түнгі рейд барысында ата-ананың еріп жүруінсіз мекен – жайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 13 жасөспірім анықталып, олардың ата – аналарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 127 бабымен 1 хаттама және 442 бабының 2-бөлігімен 12 хаттама толтырылды.

Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<