«Кәукейдегі» құрылыс бітуге таяды

397

0

Қазалы ауданының «Кәукей» ауылы – ырыс пен берекесі келісті мекен. Бүгінде ауылда мектеп, мектеп жанынан ашылған 50 орындық балабақша, амбулатория секілді халыққа қызмет ететін әлеуметтік нысандар бар.

Аудан басшылығының қолдауымен басталған 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын.

– Бұл мәдениет үйін ауыл халқы көптен сұрап жүрген болатын. Мемлекет басшысының жергілікті жердегі халық өмірін жақсарту мақсатында шалғай ауылдарға жасап жатқан қолдауының негізінде мәдениет үйі салынуда. Ежелден руханияттан, ән мен жырдан ажырамаған «Кәукей» ауылының халқына бұл ерекше тарту болмақ. Барлық жұмыстары бітіп, ішіне заманауи үлгідегі жиһаздар әкелінуде. Келешек бұл нысанның ішінде ауыл кітапханасы да жасалады. Бүгіннің өзінде кітапхана сөрелері жетті. Тапсырыс беруші – Қазалы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, – дейді «Қызылқұм» ауылдық округінің әкімі Оңталап Мүсілім.

Ауыл әкімінің айтуынша, ғимаратта көрермен залынан бөлек, бірнеше бөлме қарастырылған.

Ал ғимаратты салып жатқан «SCS Инжиниринг» ЖШС мәдениет үйін керекті құрал-жабдық, жиһаздармен қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алған.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

«Сыр бойы»

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<