Кеңесшілер қызметі тоқтаған емес

639

0

Облыстық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кәсіпкерлер мен азаматтарға 9341 кеңес беріп, қызмет көрсетті. Бұл туралы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Спикер соңғы 7 жылда облыста мұнай өндірісі екі есеге дейін азайып,  соның салдарынан мұнай өңдеуші ірі кәсіпорындардан түсетін салық көлемі орташа есеппен 4,2 есеге түсіп кеткенін жеткізді.

– Өңдеу өнеркәсібі бағытында облыс экономикасын әртараптарандыру – күн талабы. Оны тек шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қол жеткізе аламыз, – деді осы орайда палата директоры.

Статистикалық деректерге қара­ғанда 2021 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша облыста 48657 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр (дара кәсіп­керлер – 67%, шаруа қожалықтары – 21% және заңды тұлғалар – 12,0%). Өсім – 5,1%. – Өткен жылғы төтенше жағдайға, карантинге қарамастан қызметімізді тоқ­татпадық. Қызметкерлеріміз тө­тенше жағ­дайда 24/7 режимінде жұмыс істеді. Оффлайн алынатын қызметтерді жағдайға тез бейімдеп, онлайнға ауыстырдық. Нәтижесінде 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша палата кеңесшілері 1677 кәсіпкерлік субъектісіне 1785 қызмет көрсетті. Оның ішінде онлайн түрде 576 қызмет, оффлайн түрде 1209 қызмет, – деді  Ғ.Жақсылықов.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<