Киелі мекеннің кереметтері

299

0

Облыс әкімінің қолдауымен және облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен қарт кісілерді қоғамнан тыс қалдырмау, оларға тұрақты моральдық қолдау көрсетуде игілікті істер жыл сайын жүзеге асып келеді. Осы орайда Қазалы, Жаңақорған аудандары, сондай-ақ Байқоңыр мен облыс орталығынан құралған барлығы 50-ге  жуық еңбек ардагері қасиетті орындарға зиярат жасап, аралап қайтты.

Сапарды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев басқарып барды.

Бұл жолғы сапар өте әсерлі болды. Әсіресе, бүкіл түркі жұртының рухани ордасы Түркістан шаһарының жасанған, жасарған көркем келбетінен ардагерлер керемет әсер алды. Бүгінгі қаланың тамаша ажары мен түрленген сәтін көрген олардың көңілдеріне қанат бітіп, жүректеріне жылы шуақ құйылып, жібектей жұмсақ сезімге бөленгендей. Ахмет Яссауи кесенесіне барып тәу етіп, қасиетті орынды аралап, тағзым етті.

Ардагерлер қасиетті де киелі Арыстан баб пен Үкаша ата мазараттарында болып, олардың рухтарына арнап дұға етіп, мал шалынып, Құран бағыштады. Осы сапар барысында Сыр ардагерлері Түркістан облысының Отырар аудандық ардагерлер кеңесі мен аудан әкімдігіне зор алғыстарын білдіріп, облыстық ардагерлер кеңесіне ризашылықтарын жеткізді. Мұндай сапарлар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<