Кітап фестивалі өтті

202

0

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «КІТАПшоу – 2024» кітап фестивалі өтті.

Кітап фестиваліне зиялы қауым өкілдері, оқытушылар, жастар, кітапхана оқырмандары, жоғары оқу орындары және колледж студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада басқарма басшысы М.Қазбекова сөз сөйлеп, кітап сүйер қауымды Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күнімен құттықтады.

Фестивальде «Жырлайды Сырдың жастары» жас ақындармен кездесу кеші, «Ертегілер елінде» ертегі кейіпкерлерінің шеруі, «Ақын-жыраулар жырлайды» атты жыр кеші, «Қолөнер – ұлт қазынасы» қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, «Жаңа кітаптар әлемі» көрме-инсталляциясы, «Кітаптар әлемі шақырады» атты көрме-жәрмеңке, «Библио-coffee», «Білімділер алаңы» тақырыбында интеллектуалды ойындар т.б бағдарламалар ұйымдастырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<