Көктемгі аң-құс аулау маусымы ашылды

929

0

Фото: ашық дереккөз

«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығының 11-қосымшасына және 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою лимитін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 85 бұйрығына сәйкес Қызылорда облысындағы жануарлар дүниесін пайдаланушыларға бекітілген аңшылық алқаптарда 2023 жылғы 29 наурыздан – 12 сәуірді қоса есептегенде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге аталық үйректерді аулауға көктемгі маусым ашылады.

Сонымен қатар, аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.

Қағиданың 18-бабының талабына сәйкес, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз аң аулауға тыйым салынады.

Аңшылық маусымында аң аулау қағидаларын және өзге де қауіпсіздік шараларын толық әрі қатаң сақтау сұралады.

Р. БУРАБАЕВ,

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ-нің бөлім басшысы

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<